22
май
2023
"Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық неге өршіп тұр?" дебат турнирі

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №60 жалпы орта білім беретін мектебінде 2023 жылдың 17 мамыр күні, «Мейірім-жүректен» атты айлық жоспар аясында, 8 сыныптар арасында құқықбұзушылықтың алдын-алу мақсатында "Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық неге өршіп тұр?" тақырыбында мектепішілік дебат турнирі өткізілді.
Спикерлер құқық бұзушылық тақырыбын жан-жақты талдап, мұндай жаман әдеттен аулақ болуға шақырды.
Дебат барысында тартысты пікір сайысып жеңіске жеткен командалар дипломмен марапатталды