«АДАЛДЫҚ-ПАРАСАТТЫЛЫҚ» » «N60 жалпы орта мектеп» КММ
Шымкент қаласы білім басқармасының
"№60 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7223) 45-51-07
Есепші бөлімі:
+7(7223) 45-51-07
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «АДАЛДЫҚ-ПАРАСАТТЫЛЫҚ»
22
май
2023

«АДАЛДЫҚ-ПАРАСАТТЫЛЫҚ»

«АДАЛДЫҚ-ПАРАСАТТЫЛЫҚ»  
     №60 жалпы орта білім беретін мектебінде  Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты  Қосымша білім беру оқу салалық орталығының  2023 жылдың 10 мамыр күнгі   №440 хатына сәйкес «АДАЛДЫҚ-ПАРАСАТТЫЛЫҚ» тақырыбында әр түрлі салада еңбегі сіңген танымал тұлғалармен ТEDX  форматындағы  кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге мектебіміздің түлегі, 2003-2008 жылдары аралығында  директор қызметін атқарған Байғараев Абуталип  Дарияқұлұлымен кездесу өтті. Кездесуге мектеп оқушылары ұстаздар, мектеп әкімшілігі қатысты.
Іс-шараның мақсаты: Сыбайлас жемқорлық туралы жалпы мәліметтер беру. Оқушылардың бойында нақты азаматтық ұстанымды, патриотизмді қалыптастыру. 
Кездесу барысында Абуталип Дарияқұлұлы жүріп өткен өмір жолдары, жеткен-жетістіктері бойынша тоқталып өтті. Сондай-ақ, жетістікке жету үшін адал еңбек етіп, еңбектің арқасында  жетістікке жетіп отырғанын айтты. 
Сонымен қатар,   Абуталип Дарияқұлұлы мектебіміздің қалалық, облыстық сайыстарға, конкурстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүрген дарынды, білімді оқушыларды  ынталандыру мақсатында өз тарапынан ақшалай сыйлықтарын табыстап, мектептің атын шығарып, намысын қорғап жүргендері үшін алғысын білдіріп, сәттілік тіледі.
Алдағы уақытта сыбайлас жемқорлыққа жол бермеуге, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресуге, сыбайлас жемқорлықты болдырмау туралы қағиданы ұстану керектігі туралы айтып өтті. 
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив