02
март
2023
"Жиделі батыр мен Жансұлу" ертегісі

№60 жалпы орта білім беретін мектебінің мектепалды даярлық тобы тәрбиешілерімен 1 сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен "Балалар және театр" жобасы аясында ғажайып қуыршақтар әлемі "Жиделі батыр мен Жансұлу" ертегісі қойылымы қойылды
Мақсаты: Балаларға ертегіні көңілді қабылдауға үйрету, сахналап беруге талпындыру, кейіпкердің мінез - құлқын сезіндіру, есте сақтау қабілеттерін қалыптастыру. Ойлау, есте сақтау, еске түсіру қабілеттерін қалыптастыру, ауызекі сөйлеу тілін дамыту. Адам бойына жат қасиет тілазарлықтан аулақ болып, кешірімді болуға тәрбиелеу.