03
апрель
2025
"Наурызнама онкүндігі " "Отбасы күні"


"Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында, "Наурызнама" онкүндігі жоспарына сәйкес қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің ұстаздары 16 наурыз "Отбасы күні" қарсаңында "Алтын шаңырақ" иелері Лола Пердалықызы мен Музрап Надірұлының отау құрғандарына 50 жыл көлемі болғандықтан осы шаңыраққа ат басын бұрды. Қазақтың қонақжайлық дәстүрімен үй иелері ақ дастарханнан дәм таттырып, ыстық ықыласымен төрден орын ұсынды. Кездесу барысында отбасы құндылықтарын дәріптеуге байланысты бірнеше сұрақтарға жауап алып, оқушылардың бойына тәрбиенің қайнар көзі ата-анадан, бақытты отбасынан, баталы атадан, өнегелі әжеден артық беретін еш мектептің жоқтығына көз жеткізді. Алтындай балаларын өсіріп, ұлын ұяға, қызын қияға қондырып, перзенттерінен немере көріп, жарасымды жұптары жазылмай, отбасын айрандай ұйытып, немереге үлгілі ата-әже болып отырған қарияларға тамсана қарасып, таңырқай тарасты. Құрметті "Алтын шаңырақ" иелеріне амандық-саулық тілеп, жастарға берер мол үлгі-өнегелеріңіз таусылмасын деп сый-сияпаттарын ұсынып қош айтысты.