19
март
2024
15 наурыз – Қайырымдылық күні

15 наурыз – Қайырымдылық күні
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №60 жалпы орта білім беретін мектебінің ұстаздары, Наурызнама онкүндігі іс-шара жоспарына сай 15-наурыз күні мүмкіндігі шектеулі балаларды және олардың ата-аналарын Наурыз мерекесімен құттықтап, қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.
Бұл күн еліміздің халқын мейірімділік пен тату көршілікке шақырады. Мұқтаж жандарға қол ұшын созу, кімге болсын құшағын жайып, қонақжайлық көрсету – қазақтың қанында бар қасиет.
Наурызды мерекелеу кезінде бұл қасиеттерді барынша, кеңінен насихаттау, оның қадірін арттыру аса маңызды.