14
февраль
2025
“Тәртіпке бас иген құл болмас, тәртіпсіз ел болмас”

“Тәртіпке бас иген құл болмас, тәртіпсіз ел болмас”
Б.Момышұлы
№60 жалпы орта білім беретін мектебінде 9-11 сынып оқушылары арасында “Тәртіп орнаған ортада - татулық пен даму болады? “ тақырыбында Абай ауданы әкімі аппараты әлеуметтік қорғауға қолдау көрсету бөлімінің бас маманы Хайтметов Шейхислам, Б.Төлегенов, мектеп директоры С.Акпанбетов, директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары М.Сариеваның қатысуымен кездесу өтілді.
Күн тәртібінде қаралған мәселелер:
1. Кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың , лудомания, нашақорлықтың, құмар ойындары, кибербуллинг, діни экстремиз мен терроризмнің алдын алу туралы.
2. Жолда жүру және өмір қауіпсіздігін сақтау.
3. Интернет кеңістігіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
4. Әртүрлі мәселелер
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, кеңестер берілді.