14
февраль
2025
«Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» тренинг

12.02.2025ж күні №60 жалпы орта білім беретін мектебінде «Тәртіп және заң» айлығы аясында оқушылар арасында «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» тақырыбында тренинг өтті.
Мақсаты: оқушылар арасында діни экстремизм мен терроризм жайлы түсінік беру. Діни ағымдардың қоғамға әсерін көрсету. Әлемде болып жатқан террористік әрекеттер туралы ой түю. Жастардың діни ой-санасын дұрыс қалыптастыруға бағыттау. .
Тыңдаушыларға деструктивті діни ағымдардың айырмашылығы, экстремистік және террористік ұйымдарың қауіптілігі, психологиялық әдістері туралы айтылды. Оқушылармен тренингтік жаттығулар жүргізіліп, бейнематериалдар көрсетілді.