Информация » Страница 61 » «N60 жалпы орта мектеп» КММ
Коммунальное государственное учреждение
"№60 жалпы орта білім беретін мектебі"
Управления образования города Шымкент
Приемная
+7(7223) 45-51-07
Бухгалтерия
+7(7223) 45-51-07
Версия для
слабовидящих
"Ғасырда бір туылар ғажайыбым" атты буктрейлер сайысы
07
ноябрь
2022
"Ғасырда бір туылар ғажайыбым" атты буктрейлер сайысы
Қазақ тілі мен әдебиеті пәндер бірлестігінің апталығы барысында  Ғабит Мүсіреповтің туғанына 120 жыл толуына орай" қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің  мұғалімі  М.Каримова "Ғасырда бір туылар ғажайыбым" атты буктрейлер сайысын ұйымдастырды.      6-8 сынып білім алушылары арасында  өткен сайыста 8"А" сынып  оқушысы Алимова Жансая мен 7"Б" сынып  оқушысы Шарахмет Жансая жеңімпаз  атанып мадақтамамен марапатталды. 
"Мәңгілік махаббат жыршысының ғасырлық тойы" дөңгелек үстел
07
ноябрь
2022
"Мәңгілік махаббат жыршысының ғасырлық тойы" дөңгелек үстел
Бүгін мектебімізде Ә.Нұршайықовтың туғанына 100 жылдық мерейтойына арналған "Махаббат, қызық, мол жылдар" романы бойынша  қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Г.Оралбекова 10-сынып білім алушыларымен "Мәңгілік махаббат жыршысының ғасырлық тойы" тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Іс-шара барысында оқушылар өз ойларымен бөлісіп, шығарманы жан-жақты көзқараспен талқылап, өз мәресіне жеткізді. Аталған іс-шараға музыка пәнінің мұғалімі М.Қалқазатқызы,  педагог-психолог М.Досымбетова және бірлестік
"Өз білгеніңмен бөліс"  айдары
07
ноябрь
2022
"Өз білгеніңмен бөліс" айдары
 №60 жалпы орта білім беретін  мектебінде 16-21 қазан аралығындағы "Әдебиет — ұлттың жаны" тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті  әдістемелік пәндер  бірлестігінің апталығы "Өз білгеніңмен бөліс"  айдарымен" ашылды.    Апталыққа арналған жоспар бекітіліп, қазақ тілі мен әдебиеті  пәндер бірлестігінің жетекшісі  А. Омарова апталықтың ашылуымен құттықтап, жоспарланған барлық іс-шараларға белсене қатысуға шақырады.  
«Әуезов әлемі» атты челленджі
07
ноябрь
2022
«Әуезов әлемі» атты челленджі
№60  жалпы  орта білім  беретін  мектебінің өзін-өзі басқару ұйымы мүшелері Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығына арналған   «Әуезов әлемі» атты челленджін жолдайды. 
«Мұхтар Әуезов — қазақ әдебиетінің тарланы»
07
ноябрь
2022
«Мұхтар Әуезов — қазақ әдебиетінің тарланы»
 Жазушы, драматург, әдебиетші-ғалым, абайтанушы М.Әуезовтың туылғанына 125 жыл толуына орай  мектеп кітапханашысы Б.Бақтиярова, 8"ә" сынып жетекшісі Ә.Сәулебекова "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында «Мұхтар Әуезов — қазақ әдебиетінің тарланы» атты танымдық кеш өтті. 
Шым-қала тарихи-мәдени кешеніне саяхат
07
ноябрь
2022
Шым-қала тарихи-мәдени кешеніне саяхат
 5"А" сыныбының жетекшісі Г.Турысбекованың  жетекшілігімен  Шымкент қаласының 2200 жылдық тарихы сақталған, ТМД елдерінің мәдени астанасы атанған  қаламыздың өткені мен бүгінін тану және келешек ұрпаққа тарихын насихаттау мақсатында  Шым-қала тарихи-мәдени кешеніне экскурсия ұйымдастырылды.
"ҰСТАЗЫМ, ҰЛАҒАТЫМ ҮЛГІ-ӨНЕГЕМ"
07
ноябрь
2022
"ҰСТАЗЫМ, ҰЛАҒАТЫМ ҮЛГІ-ӨНЕГЕМ"
Ұстаздар! Қандай ғажап халықсыздар! Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар. Жан біткен жанарына нұр сыйлаған,  Күндей боп күлімдеген жарықсыздар.    Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №60 жалпы орта білім беретін мектебінде 2022 жылдың 4 қазан күні  ҰСТАЗДАР КҮНІНЕ арналған мерекелік іс-шара өтті.  Іс-шара соңында мектеп директоры Ақпанбетов Сералы Есенбекұлы мерекелік кешті  қорытындылап, барша ұстаздар қауымын кәсіби төл мерекелерімен құттықтап, ыстық лебізін білдірді.
ҚАРТТАРЫМ - АСЫЛ ҚАЗЫНАМ!
07
ноябрь
2022
ҚАРТТАРЫМ - АСЫЛ ҚАЗЫНАМ!
1 қазан - Халықаралық қарттар күні мерекесіне орай, "Өзін-өзі" басқару ұйымы мүшелері  айтулы мерекемен ардагер ұстаздардың  үйлеріне қонақ боп құттықтап, мықты денсаулық, отбасына береке-бірлік, таусылмас күш-қуат тілеп сый-сияпат жасады. Игі іске қарт кісілер ризашылығын білдіріп, ақ батасын берді
Діни экстремизмнің алдын алу
07
ноябрь
2022
Діни экстремизмнің алдын алу
Дін істері басқармасының  теолог маманы Ұлықбек Алиакбарұлы 8-11 сынып оқушыларына Діни экстремизмнің алдын алу мақсатында, ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізді. 
«ДУБЛЕР КҮНІ»
07
ноябрь
2022
«ДУБЛЕР КҮНІ»
 «Балалар жылы» аясында ұстаздар мерекесіне орай 30 қыркүйек күні мектебіміздің  "Өзін-өзі басқару" ұйымы мүшелері, мектеп парламенті арнайы "Дублер күнін" ұйымдастырды. Дублер күнінің мақсаты:  мектептегі өзін-өзі басқару жұмысын жандандыру,  тұлғаның көшбасшылық қасиеттерін ашу және білім алушылардың ұйымдастырушылық қабілеттерін іске асыру,  білім алушылардың көпшілік алдында сөйлеу тәжірибесін дамыту;