ЖАЛПЫ АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ » «N60 жалпы орта мектеп» КММ
Шымкент қаласы білім басқармасының
"№60 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7223) 45-51-07
Есепші бөлімі:
+7(7223) 45-51-07
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » ЖАЛПЫ АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ
25
сентябрь
2023

ЖАЛПЫ АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ

ЖАЛПЫ АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ 
  Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты  №60 жоббм-де 
8 қыркүйек күні, 2023-2024 оқу жылының басталуына орай мектепішілік жалпы  ата-аналар жиналысы өткізілді. 
▪️2022-2023 оқу жылының қорытындысы. (Қорытынды аттестаттау, ҰБТ )   
▪️2023-2024 оқу жылына дайындық «Мектепке жол -2023» қамқоршылық акциясы туралы (мемлекеттік және демеушілер тарапынан  берілген көмек)  Мемлекеттік қызмет көрсету стандартын түсіндіру (жазғы сауықтыру лагері, ыстық тамақ, бірінші сыныпқа қабылдау)  
▪️Жаңа оқу жылының басталуы және ерекшеліктері. Мектептің қауіпсіздік шаралары. (  турникет, дабыл нүктесі, күзет, бейнебақылау  камералары)
▪️Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу . Жұмыс жоспарын іске асыру. 
▪️Мектеп Жарғысы, ішкі тәртіп ережелері, келісім шарт және ҚР БҒМ-нің 2016 жылғы 24 қаңтардағы "Орта білім беру ұйымдары үшін  міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту" туралы №26 бұйрығы
▪️Біртұтас тәрбие бағдарламасы: құндылықтар және оны іске асыру    
 ▪️Бала тәрбиесіне ата-ананың міндеттері мен жауапкершілігі
 ▪️ Оқушылар қауіпсіздігін сақтау
                                                                                                                                                                                        ▪️Құқық бұзушылыққа жол бермеу
▪️Буллинг және кибербуллингті болдырмау  және оның алдын алу
▪️Әлеуметтік желілердегі қауіпсіздік шаралары 
▪️Балалардың білім алуына жағдай жасау,  психологиялық көмек
Мектеп директоры С.Е.Ақпанбетов ата-аналарды күн тәртібіндегі мәселелермен  және 2023-2024 оқу жылының ерекшеліктерімен  және мақсат міндеттерімен таныстырып өтті.
  2022-2023 оқу жылындағы жеткен жетістіктермен биылғы оқу жылына арналған жоспарлармен таныстырды. Өскелең ұрпақты тәрбиелеуде ҮШТІК ОДАҚ болып ата-аналарды бірлесе жұмыс жасауға шақырды.
   Күн тәртібіндегі барлық мәселелер қамтылып мектептің ішкі тәртіп ережесі,  буллинг және кибербуллингті болдырмау және алдын алу, құқық бұзушылыққа жол бермеу, әлеуметтік желілердегі қауіпсіздік шаралары, жолда жүру ережелерін сақтау, сабақ уақытында ұялы телефондарды пайдаланбау, тәрбие мәселелеріне басты назар аудару, білім сапасы  және т.б өзекті мәселелер талқыланды.
 Сонымен қатар мектепте ақша жинаудың кез келген әрекетіне қатаң тыйым салынғанын ескертті. Ақша жинау немесе басқа заттар талап етілген жағдайда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 1424 CALL орталығы жұмыс істейтіндігін, кез келген сұрақтарыңыз үшін мектептің байланыс телефондарына (45 51 07) сенім телефоны (27 44 53) хабарласуға болатындығын ескертті.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив