Оқушылар жетістіктері » «N60 жалпы орта мектеп» КММ
Шымкент қаласы білім басқармасының
"№60 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7223) 45-51-07
Есепші бөлімі:
+7(7223) 45-51-07
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Оқушылар жетістіктері
"Мақатаев оқулары"
18
март
2025
"Мақатаев оқулары"
Республикалық "Zeyindi_bala"  балалар журналының ұйымдастыруымен "Алтын білім кілті"   орталығының  қолдауымен балалар шығармашылығын  дамыту мақсатында өткізілген  "Мақатаев оқулары"  конкурсына мәнерлеп оқу бағыты бойынша №60 жалпы орта білім беретін мектебінің мектепалды даярлық сыныбының оқушылары Нұрмахан Дарын  Сматулла Ақбаян  Абдувахит Алибек Лес Нұрахмет  Әбдіғапбар Айзере қатысып,  жүлделі орындарға ие болды. Жарайсыңдар!  Жетекшісі: Аширбаева Гульжан Шакиркызы. 
ХХ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ "ЗЕРДЕ:"  КОНКУРСЫ
12
февраль
2025
ХХ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ "ЗЕРДЕ:" КОНКУРСЫ
ХХ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ "ЗЕРДЕ:"  КОНКУРСЫ   2-7 сынып оқушылары арасындағы зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстарының  ХХ Республикалық «Зерде» конкурсының қалалық кезеңінде №60 жалпы орта білім беретін   мектебінің 2"Ә" сынып оқушысы   Бүркітбай Ақназар (жетекшісі бастауыш сынып  мұғалімі Қараева Мереке Ермекқызы) «Үй жағдайындағы қауіпсіздік ардуиноның мүмкіндіктері» атты зерттеу жобасы секциясы бойынша жүлделі ІІІ-орынды иеленді.  Марапат құтты болсын!
Республикалық олимпиаданың аудандық кезеңінің жеңімпаздары
16
январь
2025
Республикалық олимпиаданың аудандық кезеңінің жеңімпаздары
№60 жалпы орта білім беретін мектебінің 5-11 сынып оқушылары аралығындағы жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың аудандық кезеңінен  Қазақстан тарихы пәнінен 6-сынып оқушысы Плал Асылай ІІ орын  иеленді. Жетекшісі Ахметова Гүлстан Ермекқызы
"ЖЕТІСТІГІМДІ ЕЛІМЕ АРНАЙМЫН"
12
декабрь
2024
"ЖЕТІСТІГІМДІ ЕЛІМЕ АРНАЙМЫН"
 "ЖЕТІСТІГІМДІ ЕЛІМЕ АРНАЙМЫН"    №60 жалпы орта білім беретін  мектебінде  "Біртұтас тәрбие бағдарламасы" аясында "Бірлік және ынтымақ" айында  16 желтоқсан — Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай "ЖЕТІСТІГІМДІ ЕЛІМЕ АРНАЙМЫН" челленджі  ұйымдастырылды. Мектеп  білім алушылары жеткен жетістіктерін еліміздің Тәуелсіздігіне арнай отырып, челленджді еліміздің барлық мектептеріне жолдайды.
«ARYSTAN CUP 2024» халықаралық турнир жеңімпазы
30
октябрь
2024
«ARYSTAN CUP 2024» халықаралық турнир жеңімпазы
 2024 жылғы 12-21 қазан аралығында Алматы қаласында футболдан  өткен «ARYSTAN CUP 2024» халықаралық турнирінде   №60 жалпы орта білім беретін мектебінің 8"Б" сынып оқушысы Айшығар Саян қатысқан "Оңтүстік Академия"  командасы І орынмен марапатталды.  Құттықтаймыз!!! Турнирдің үздік ойыншылары тек көп гол соғатын немесе техниканы көрсететін балалар ғана емес, өз командасын шабыттандыратын, алаңда көшбасшылық танытатын және әрқашан әр матчта ең жақсысын көрсетуге тырысатын  балалар. 
"HWARAG CUP"  турнир жеңімпазы
30
октябрь
2024
"HWARAG CUP" турнир жеңімпазы
Шымкент  қаласының "HWARAG CUP"  турнирінде  2007-2009  жас тобында  51 кг салмақ дәрежесінде сынға түскен  №60 жалпы орта білім беретін мектебінің 10"А" сынып  оқушысы Ерсінбек Жанболат ІІ орынмен марапатталды.  Құттықтаймыз!!! 
"TURKESTAN OPEN" турнирі
08
август
2024
"TURKESTAN OPEN" турнирі
Түркістан облысы ғаламдық таеквон-до федерациясының ұйымдастыруымен өткен "TURKESTAN OPEN" турнирінде 8-9 жас аралығында 27 кг салмақ дәрежесінде  мектебіміздің  2"ә" сынып  оқушысы Пернебек Елдос және 9"Ә" сынып  оқушысы  Ерсінбек Жанболат 55 кг салмақ дәрежесінде "Массоги" бөлімі бойынша ІІІ орын,  "Хьенги"  бөлімі бойынша І орынды иеленді. Жеңістерің құтты болсын! ЖАРАЙСЫҢДАР!!! 
"TURKESTAN OPEN" турнирі
08
август
2024
"TURKESTAN OPEN" турнирі
Түркістан облысы ғаламдық таеквон-до федерациясының ұйымдастыруымен өткен "TURKESTAN OPEN" турнирінде 8-9 жас аралығында 27 кг салмақ дәрежесінде  мектебіміздің  2"ә" сынып  оқушысы Пернебек Елдос және 9"Ә" сынып  оқушысы  Ерсінбек Жанболат 55 кг салмақ дәрежесінде "Массоги" бөлімі бойынша ІІІ орын,  "Хьенги"  бөлімі бойынша І орынды иеленді. Жеңістерің құтты болсын! ЖАРАЙСЫҢДАР!!! 
"КІТАП LIVE" зияткерлік байқауы
08
август
2024
"КІТАП LIVE" зияткерлік байқауы
"KEREGE GROUP" құрылыс компаниясының қолдауымен, Қаратау дәстүрлі өнер мектебінің ұйымдастыруымен жас ұрпаққа ұлттық рухани  құндылықтарды сіңіру және көркем  әдебиетке баулу мақсатында өткізілген  "КІТАП LIVE" зияткерлік байқауында №60  жалпы орта білім беретін мектебінің 7"А" сынып оқушысы Ерсінбек Аяужан Ғаниқызы  үздік өнер көрсетіп, арнайы жүлдемен және бағалы сыйлықпен марапатталды. Жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті  пәнінің мұғалімі Каримова Маржан  Тұрсынбекқызы. 
"ҮЗДІК ҒЫЛЫМИ ЖОБА АВТОРЫ" байқау жеңімпазы
08
август
2024
"ҮЗДІК ҒЫЛЫМИ ЖОБА АВТОРЫ" байқау жеңімпазы
Тұңғыш академик Қаныш Имантайұлы Сәтпаевтың 125 жылдық мерейтойына орай ғалымның мол мұрасын  жасөспірімдерге насихаттау білім  алушылардың ғылымға  деген  қызығушылықтарын  арттыру мақсатында өткізілген "ҮЗДІК ҒЫЛЫМИ ЖОБА АВТОРЫ"  атты    республикалық байқауға қатысып,  №60 жалпы орта білім беретін мектебінің 4"А" сынып  оқушысы  Мақсат Сержан  Медетұлы І дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі бастауыш сынып мұғалімі  Алтынбекова  Рабиға Бекмырзақызы І дәрежелі дипломмен марапатталды.