Жетістіктеріміз » Страница 3 » «N60 жалпы орта мектеп» КММ
Шымкент қаласы білім басқармасының
"№60 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7223) 45-51-07
Есепші бөлімі:
+7(7223) 45-51-07
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Мұқағали  Мақатаев оқулары" республикалық  байқауы
11
март
2022
"Мұқағали Мақатаев оқулары" республикалық байқауы
    "Дарын"  орталығының  ұйымдастыруымен  өткен "Мұқағали  Мақатаев оқулары" республикалық  байқауы  қалалық кезеңінде  ІІІ  дәрежелі дипломмен 8"а" сынып оқушысы Шименәлі Марғұлан жетекшісі Сұлтанова Бейбіт Омарбекқызы  марапатталды
"Әлем таныған Әуезов"  қалалық  байқауы
11
март
2022
"Әлем таныған Әуезов" қалалық байқауы
6-8 сынып оқушыларына арналған "Әлем таныған Әуезов"  қалалық  байқауына 6"а" сынып оқушысы  Абдуғаппар Пернеқыз ІІ дәрежелі дипломмен жетекшісі  Абдуллаева Пернекүл, 7"а" сынып оқушысы Алимова Жансая І дәрежелі дипломмен жетекшісі Оралбекова Гүлназ марапатталды. 
"Бала дарын" жасөспірімдер байқауы
11
март
2022
"Бала дарын" жасөспірімдер байқауы
№60 жалпы орта білім беретін мектебінің мектепалды даярлық тобының оқушысы Сидикова Назерке "Бала дарын" жасөспірімдер байқауы жобасының ұйымдастыруымен  өткен  Абай Құнанбайұлының "Қыс"  өлеңін  мәнерлеп оқу бойынша республикалық байқауына қатысып,  ерекше өнер көрсеткені үшін  І дәрежелі дипломмен марапатталды. 
Футбол,  баскетбол  спорт алаңдарының ашылуы
10
декабрь
2021
Футбол, баскетбол спорт алаңдарының ашылуы
     Тәуелсізлігіміздің 30 жылдық мерекесі қарсаңында, №60 жалпы орта білім беретін мектебінде денешынықтыру  бірлестігі апталығының ашылуы мектеп жанында жаңадан бой көтерген футбол,  баскетбол ойындарына арналған спорт алаңының пайдалануға берілгенімен тұспа-тұс келді. Мектеп қабырғасындағы балалар үшін  бұл өте маңызды,  елеулі оқиға болғаны анық. Дүбірлі басқосуға ардагер ұстаздар,  ауыл ағалары спорт алаңының лентасын қиып, шәкірттерге ыстық лебіздерін, тілектерін білдірді.
АЛТЫН БЕЛГІ
09
декабрь
2021
АЛТЫН БЕЛГІ
   2020-2021 оқу жылының қорытындысы бойынша мектебіміздің түлегі, "Алтын белгі" иегері Шәкір Жансая Жомартқызы  мемлекеттік грантты жеңіп алып,  Нұр-Сұлтан қаласындағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық  университетінің өзі армандаған  математика пәнінінің мұғалімі мамандығына түсті. Жансая шәкіртімізге үлкен өмірдегі қадамдары нық болсын, биік шыңдарды бағындыра берсін.
Darun.online білім беру платформасы мен Qaztest.kz олимпиада сайты бірлесіп педагогтардың біліктілігін арттыру мақсатында ұйымдастырған І Республикалы
11
ноябрь
2020
Darun.online білім беру платформасы мен Qaztest.kz олимпиада сайты
Darun.online білім беру платформасы мен Qaztest.kz олимпиада сайты бірлесіп педагогтардың біліктілігін арттыру мақсатында ұйымдастырған І Республикалық “Кемеңгер ұстаз” олимпиадасына №60 жалпы орта білім беретін мектебінің ұстаздары қатысып түрлі дәрежедегі  дипломдарға ие болды. Жеткен жетістіктеріңіз құ тты болсын! 
"Дәстүрлі ән" жанры бойынша БАС ЖҮЛДЕ Көлбай Нұрай Еркінбекқызы
11
ноябрь
2020
"Дәстүрлі ән" жанры бойынша БАС ЖҮЛДЕ Көлбай Нұрай Еркінбекқызы
Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты №60  жалпы орта білім беретін мектебінің 6"а" сынып оқушысы Көлбай Нұрай Еркінбекқызы "ӨЛЕҢ- СӨЗДІҢ ПАТШАСЫ, СӨЗ САРАСЫ" атты Республикалық балалар мен жасөспірімдер арасындағы өнер байқауына қатысып "Дәстүрлі ән" жанры бойынша БАС ЖҮЛДЕНІ жеңіп алды.  Жетекшісі музыка пәнінің мұғалімі  Әлібаева Ұлжалғас Советбекқызы ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!