Жетістіктеріміз » Страница 2 » «N60 жалпы орта мектеп» КММ
Шымкент қаласы білім басқармасының
"№60 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7223) 45-51-07
Есепші бөлімі:
+7(7223) 45-51-07
Нашар көрушілер
нұсқасы
"ПЕДАГОГИКАЛЫҚ  ИДЕЯЛАР ФЕСТИВАЛІ"  республикалық конкурсы жеңімпазы
20
март
2023
"ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАР ФЕСТИВАЛІ" республикалық конкурсы жеңімпазы
Дарын Республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен өткен "ПЕДАГОГИКАЛЫҚ  ИДЕЯЛАР ФЕСТИВАЛІ"  республикалық конкурсында  №60 жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Алтынбекова Рабиға Бекмырзақызы қол жеткен ерекше жетістігі үшін марапатталды. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!! 
Педагогикалық идеялар фестивалі жеңімпазы
31
январь
2023
Педагогикалық идеялар фестивалі жеңімпазы
Мектебіміздің  бастауыш сынып мұғалімі Алтынбекова Рабиға Бекмырзақызы   Дарын орталығының  Республикалық Педагогикалық идеялар фестивалі конкурсының  қалалық кезеңінің жеңімпазы атанып І дәрежелі дипломмен марапатталды.  ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
"Жеңісімді Тәуелсіздікке арнаймын!"  спорттық ойын
04
январь
2023
"Жеңісімді Тәуелсіздікке арнаймын!" спорттық ойын
16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 31 жылдығына орай дене шынықтыру пәнінің мұғалімдерінің ұйымдастыруымен  "Жеңісімді Тәуелсіздікке арнаймын!"  тақырыбында 2-11 сынып оқушылары арасында шахмат, тоғызқұмалақ,  дойбы,  тенис спорттық ойындарынан жарыс өткізілді.    Ойын өте тартысты, әрі қызықты өткізілді. Нәтижесінде жеңімпаздар арнайы диплом, алғыс хаттармен марапатталды.  Шахмат:  І орын Машрап Мақсат (8"А" сынып)  ІІ орын Орынбек Бекнұр (6"А" сынып)  ІІІ орын Әскербек
Жеңісің құтты болсын!
09
сентябрь
2022
Жеңісің құтты болсын!
ТАЕКВОН-ДО GTF-тен   12-13 жас  балалар мен жасөспірімдер  аралығында өткен Хваранг спорт клубының чемпионатында мектебіміздің 7"ә" сынып  оқушысы Ерсінбек Жанболат "Массоги"  бөлімі бойынша ІІ орын иеленді.   Жеңісің құтты болсын! ЖАРАЙСЫҢ!!! 
"BIR KITAP"  жобасы
09
сентябрь
2022
"BIR KITAP" жобасы
  Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты әдістемелік орталықтың ұйымдастыруымен өткен "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында "BIR KITAP" жобасы қолға алынып ақпан айынан бері төрт іс-шара өтілді. Жоба  қорытындысы Ы. Алтынсарин кітапханасында өтіліп №60 жалпы орта білім беретін мектебінің  кітапханашысы  Б. Бақтиярова  оқырмандардың қызығушылығын арттыруда белсене атсалысқаны үшін Алғыс хатпен,  "BIR KITAP"  жобасына белсене қатысқаны үшін "Үздік оқырман"  атағымен ағылшын тілі пәнінің
ЖЕҢІС ҚҰТТЫ БОЛСЫН!!!
08
сентябрь
2022
ЖЕҢІС ҚҰТТЫ БОЛСЫН!!!
№54 жалпы орта білім беретін мектебінің ұлағатты ұстазы Сулейменов Юлчи ағайдың зейнеткерлікке шығуына орай ұйымдастырылған турнирде футзалдан  №60 жалпы орта білім беретін мектебінің 9-11 сынып оқушыларынан құралған командасы І орынды иеленді.   ЖЕҢІСТЕРІҢ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!!! 
Қазақстан  Республикасының кубогы
08
сентябрь
2022
Қазақстан Республикасының кубогы
  Алматы қаласының ғаламдық таеквон-до федерациясының ұйымдастыруымен өткен балалар мен жасөспірімдер  арасындағы  Қазақстан  Республикасының кубогында 12-13 жас аралығында мектебіміздің 7"ә" сынып  оқушысы Ерсінбек Жанболат "Массоги"  бөлімі бойынша І орын,  "Хьенги"  бөлімі бойынша ІІ орынды иеленді. Жеңісің құтты болсын! ЖАРАЙСЫҢ!!! 
«Үздік тәлімгер-2022»  байқауы
08
сентябрь
2022
«Үздік тәлімгер-2022» байқауы
Шымкент қаласы білім басқармасы әдістемелік орталығының «Қосымша білім беру, кәсіпке баулу және эстетикалық тәрбиені дамыту» бөлімінің жылдық жұмыс жоспарына сай, «Үздік тәлімгер-2022»  байқауына мектебіміздің аға тәлімгері  Қасымбекова Жанар Ерболғанқызы қатысты. 4 кезеңнен тұратын байқау  нәтижесінде   “БІЛІМДІ ТӘЛІМГЕР” номинациясымен марапатталды.  Алға қойған мақсаттары нық, алар асулары мен бағындырар биіктері көп болсын деп тілейміз!!!
"Мұқағали  Мақатаев оқулары" республикалық  байқауы
11
март
2022
"Мұқағали Мақатаев оқулары" республикалық байқауы
    "Дарын"  орталығының  ұйымдастыруымен  өткен "Мұқағали  Мақатаев оқулары" республикалық  байқауы  қалалық кезеңінде  ІІІ  дәрежелі дипломмен 8"а" сынып оқушысы Шименәлі Марғұлан жетекшісі Сұлтанова Бейбіт Омарбекқызы  марапатталды
"Әлем таныған Әуезов"  қалалық  байқауы
11
март
2022
"Әлем таныған Әуезов" қалалық байқауы
6-8 сынып оқушыларына арналған "Әлем таныған Әуезов"  қалалық  байқауына 6"а" сынып оқушысы  Абдуғаппар Пернеқыз ІІ дәрежелі дипломмен жетекшісі  Абдуллаева Пернекүл, 7"а" сынып оқушысы Алимова Жансая І дәрежелі дипломмен жетекшісі Оралбекова Гүлназ марапатталды.