13
июнь
2023
Ата-аналар жиналысы


Шымкент қаласы білім басқармасының 24.04.2023 жылғы №184 санды хатына сәйкес мектеп директоры С.Е.Ақпанбетов 11 сынып оқушыларының ата-аналарымен жиналыс өткізді. Жиналыстың мақсаты: 2022-2023 оқу жылының аяқталуына орай мектеп бітіруші түлектердің бітіру кештерін ұйымдастыруға, мұғалімдерге, мектеп әкімшілігіне ақша жинауға, түрлі сыйлықтар алуға, ағымдағы жөндеу жұмыстарына деп ақшалай және заттай қаржы жинауға қатаң тыйым салынғандығын ескерту.
Мектеп директоры Сералы Есенбекұлы мектепте бітіру кештерінің өткізілу тәртібі жайлы ата-аналарға түсіндіріп өтті. Сонымен бірге, мектепте Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында қаржы жинауға қатаң тиым салынғандығы жайлы бұйрықпен ата-аналарды таныстырып, заңсыз материалдық сыйлық пен пара алғаны үшін әкімшілік қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын атап өтті.