Біз туралы » Страница 8 » «N60 жалпы орта мектеп» КММ
Шымкент қаласы білім басқармасының
"№60 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7223) 45-51-07
Есепші бөлімі:
+7(7223) 45-51-07
Нашар көрушілер
нұсқасы
АТА - АНАЛАР МЕН  ОҚУШЫЛАР НАЗАРЫНА!
08
сентябрь
2022
АТА - АНАЛАР МЕН ОҚУШЫЛАР НАЗАРЫНА!
АТА - АНАЛАР МЕН  ОҚУШЫЛАР НАЗАРЫНА!     Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №60 жалпы орта білім беретін мектебінің 1-11 сынып жетекшілері  білім алушыларға жалпы су айдындарындағы сақтық шаралары мен қауіпсіздік ережелері туралы суға шомылу кезіндегі қауіпсіздік қағидалары мен талаптарын түсіндіріп, сынып сағаттарын өтті.     Оқушылардың демалыс кезінде топ болып рұқсат етілмеген тау-тас шыңдарына шығуына, балалардың ересек адамдардың бақылауынсыз су айдындарына  баруына, адам өміріне
Қазақстан  Республикасының кубогы
08
сентябрь
2022
Қазақстан Республикасының кубогы
  Алматы қаласының ғаламдық таеквон-до федерациясының ұйымдастыруымен өткен балалар мен жасөспірімдер  арасындағы  Қазақстан  Республикасының кубогында 12-13 жас аралығында мектебіміздің 7"ә" сынып  оқушысы Ерсінбек Жанболат "Массоги"  бөлімі бойынша І орын,  "Хьенги"  бөлімі бойынша ІІ орынды иеленді. Жеңісің құтты болсын! ЖАРАЙСЫҢ!!! 
«Үздік тәлімгер-2022»  байқауы
08
сентябрь
2022
«Үздік тәлімгер-2022» байқауы
Шымкент қаласы білім басқармасы әдістемелік орталығының «Қосымша білім беру, кәсіпке баулу және эстетикалық тәрбиені дамыту» бөлімінің жылдық жұмыс жоспарына сай, «Үздік тәлімгер-2022»  байқауына мектебіміздің аға тәлімгері  Қасымбекова Жанар Ерболғанқызы қатысты. 4 кезеңнен тұратын байқау  нәтижесінде   “БІЛІМДІ ТӘЛІМГЕР” номинациясымен марапатталды.  Алға қойған мақсаттары нық, алар асулары мен бағындырар биіктері көп болсын деп тілейміз!!!
АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ
08
сентябрь
2022
АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ
2022 жылдың 16 сәуір күні  ата-аналар жиналысы өткізілді. Күн тәртібінде қаралған мәселелер: 1. ІІІ тоқсанның  қорытындысы. Үлгерім көрсеткіші  2. 4,9 сыныптардағы ББЖМ (білім алушылардың  білім жетістіктерінің мониторингі). ҰБТ,  білім  алушыларды қорытынды  аттестаттаудан өткізу туралы.  3.Бірінші  сыныпты қабылдау.(ҚР БжҒМ 2020 жылғы 24 маусымдағы №564 бұйрығы).  4.Кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдердің өмір  қауіпсіздігін  қамтамасыз ету туралы. Шымкент қалалық білім  басқармасының
№37 эвакуациялық жиналу  пунктінің іс-шарасы
11
март
2022
№37 эвакуациялық жиналу пунктінің іс-шарасы
Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің 17.01.2022ж №21-03-02-06/108-И хаты негізінде №60 жалпы орта білім беретін мектебінде №37 эвакуациялық жиналу  пунктінің іс-шарасы өтілді. 
"Мұқағали  Мақатаев оқулары" республикалық  байқауы
11
март
2022
"Мұқағали Мақатаев оқулары" республикалық байқауы
    "Дарын"  орталығының  ұйымдастыруымен  өткен "Мұқағали  Мақатаев оқулары" республикалық  байқауы  қалалық кезеңінде  ІІІ  дәрежелі дипломмен 8"а" сынып оқушысы Шименәлі Марғұлан жетекшісі Сұлтанова Бейбіт Омарбекқызы  марапатталды
"Әлем таныған Әуезов"  қалалық  байқауы
11
март
2022
"Әлем таныған Әуезов" қалалық байқауы
6-8 сынып оқушыларына арналған "Әлем таныған Әуезов"  қалалық  байқауына 6"а" сынып оқушысы  Абдуғаппар Пернеқыз ІІ дәрежелі дипломмен жетекшісі  Абдуллаева Пернекүл, 7"а" сынып оқушысы Алимова Жансая І дәрежелі дипломмен жетекшісі Оралбекова Гүлназ марапатталды. 
"Бала дарын" жасөспірімдер байқауы
11
март
2022
"Бала дарын" жасөспірімдер байқауы
№60 жалпы орта білім беретін мектебінің мектепалды даярлық тобының оқушысы Сидикова Назерке "Бала дарын" жасөспірімдер байқауы жобасының ұйымдастыруымен  өткен  Абай Құнанбайұлының "Қыс"  өлеңін  мәнерлеп оқу бойынша республикалық байқауына қатысып,  ерекше өнер көрсеткені үшін  І дәрежелі дипломмен марапатталды. 
"Қысқа мерзімді жоспар және оның құрылымы" тақырыбында  әдістемелік  сабақ
11
март
2022
"Қысқа мерзімді жоспар және оның құрылымы" тақырыбында әдістемелік
"Білімді ұрпақпен — жарқын болашаққа" тақырыбындағы математикалық әдістемелік бірлестігінің апталығы жоспарына сай,  информатика пәнінің мұғалімі  Абдуллаева Бибіжамал Нурдиллақызы  "Қысқа мерзімді жоспар және оның құрылымы" тақырыбында  әдістемелік сабақ өтті.