Біз туралы » Страница 7 » «N60 жалпы орта мектеп» КММ
Шымкент қаласы білім басқармасының
"№60 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7223) 45-51-07
Есепші бөлімі:
+7(7223) 45-51-07
Нашар көрушілер
нұсқасы
Ата-аналар жиналысы
16
январь
2023
Ата-аналар жиналысы
12.01.2023ж. күні ата-аналар жиналысы жаңа форматта өтті.  Жиналыста қаралған мәселелерде  ІІ тоқсанның білім сапасы, үштік одақ, оқуға құштар мектеп жобасы,  ұялы  телефонды сабақ уақытында пайдаланбау, қыс мезгіліндегі қауіпсіздік, құқық бұзушылықың, зорлық—зомбылықтың, ерте жүктіліктің, аутодиструктивті мінез құлықтың алдын алу  және мектеп формасы туралы қамтылды.  Әрбір ата-ана пән мұғалімдеріне жеке жолығу  арқылы жиналыс мақсаты жүзеге  асты.   Жаңаша үлгідегі өткен жиналысқа  ата-аналар
"Жеңісімді Тәуелсіздікке арнаймын!"  спорттық ойын
04
январь
2023
"Жеңісімді Тәуелсіздікке арнаймын!" спорттық ойын
16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 31 жылдығына орай дене шынықтыру пәнінің мұғалімдерінің ұйымдастыруымен  "Жеңісімді Тәуелсіздікке арнаймын!"  тақырыбында 2-11 сынып оқушылары арасында шахмат, тоғызқұмалақ,  дойбы,  тенис спорттық ойындарынан жарыс өткізілді.    Ойын өте тартысты, әрі қызықты өткізілді. Нәтижесінде жеңімпаздар арнайы диплом, алғыс хаттармен марапатталды.  Шахмат:  І орын Машрап Мақсат (8"А" сынып)  ІІ орын Орынбек Бекнұр (6"А" сынып)  ІІІ орын Әскербек
"Бақытты ана—бақытты бала—бақытты ел"  ата-аналар жиналысы
24
ноябрь
2022
"Бақытты ана—бақытты бала—бақытты ел" ата-аналар жиналысы
2022 жылдың 20 қараша — Халықаралық балаларды қорғау күніне орай "Бала құқығы-адам құқығы" Республикалық онкүндігіне орай бастауыш сынып мұғалімі  Омарова Жанар Айтжанқызы 2"Б" сынып білім алушыларымен  "Бақытты ана—бақытты бала—бақытты ел"  тақырыбында ата-аналар жиналысын  өтті. 
АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ
26
сентябрь
2022
АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ
«АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ»       Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №60 жалпы орта білім беретін мектебінде жаңа оқу жылының басталуына орай 21.09.2022ж. күні жалпы ата-аналар жиналысы болып өтті.       Күн тәртібінде  1. 2021-2022 оқу жылының қорытындысы.  (Емтихан, ҰБТ)  2.2022-2023 жаңа оқу жылына дайындық "Мектепке жол" қамқоршылық акциясы 3. Жаңа оқу жылының  міндеттері  мен ерекшеліктері туралы. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу.  4.Оқушылардың ыстық тамақпен қамтылуы. 5.Мектеп Жарғысы,
Сырлыбаева Гүлданаш Мүслімқызы  зейнеткерлікке  шықты.
26
сентябрь
2022
Сырлыбаева Гүлданаш Мүслімқызы зейнеткерлікке шықты.
Бастауыш сынып мұғалімі  Сырлыбаева Гүлданаш Мүслімқызы  зейнеткерлік жасына шықты. Еткен еңбектің еленгені кімге де болса қуаныш, көңілге үлкен медет!     Өмір жолыңыз ұзақ болып, көрген бейнетіңіздің зейнетін көріңіз.    Қызмет деген бір белестен өтіп, құрметті демалыс деген кезеңге жеттіңіз! Қуанышыңыз құтты болсын!
11 қыркүйек “Отбасы күні”
26
сентябрь
2022
11 қыркүйек “Отбасы күні”
11 қыркүйек “Отбасы күні” мерекесіне орай мектеп психологтары  С.Рысбаева мен М.Досымбетова 1- ші сынып оқушыларының ата-аналары арасында "Өз балаңа үлгі бол", "Бірінші сынып ата-аналарына психологиялық көмек" тақырыбында ата-аналар конференциясын ұйымдастырды. Онда психологтар ата-аналарды  Отбасы күнімен құттықтады, бірінші сынып оқушыларында кездесетін қиындықтар және оны жеңу жолдары туралы ата-аналарға психологиялық кеңестер берді.
Жеңісің құтты болсын!
09
сентябрь
2022
Жеңісің құтты болсын!
ТАЕКВОН-ДО GTF-тен   12-13 жас  балалар мен жасөспірімдер  аралығында өткен Хваранг спорт клубының чемпионатында мектебіміздің 7"ә" сынып  оқушысы Ерсінбек Жанболат "Массоги"  бөлімі бойынша ІІ орын иеленді.   Жеңісің құтты болсын! ЖАРАЙСЫҢ!!! 
"BIR KITAP"  жобасы
09
сентябрь
2022
"BIR KITAP" жобасы
  Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты әдістемелік орталықтың ұйымдастыруымен өткен "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында "BIR KITAP" жобасы қолға алынып ақпан айынан бері төрт іс-шара өтілді. Жоба  қорытындысы Ы. Алтынсарин кітапханасында өтіліп №60 жалпы орта білім беретін мектебінің  кітапханашысы  Б. Бақтиярова  оқырмандардың қызығушылығын арттыруда белсене атсалысқаны үшін Алғыс хатпен,  "BIR KITAP"  жобасына белсене қатысқаны үшін "Үздік оқырман"  атағымен ағылшын тілі пәнінің
ЖЕҢІС ҚҰТТЫ БОЛСЫН!!!
08
сентябрь
2022
ЖЕҢІС ҚҰТТЫ БОЛСЫН!!!
№54 жалпы орта білім беретін мектебінің ұлағатты ұстазы Сулейменов Юлчи ағайдың зейнеткерлікке шығуына орай ұйымдастырылған турнирде футзалдан  №60 жалпы орта білім беретін мектебінің 9-11 сынып оқушыларынан құралған командасы І орынды иеленді.   ЖЕҢІСТЕРІҢ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!!! 
"Аялы алақан" атты психологиялық тренинг
08
сентябрь
2022
"Аялы алақан" атты психологиялық тренинг
"15-мамыр - Халықаралық отбасы күніне" орай ата-аналармен кездесу ұйымдастырылып мектеп психологтары М.Досымбетова мен Э.Мыңбатырова "Отбасының қоғам алдындағы маңыздылығы мен рөлі" тақырыбында баяндама жасап, "Аялы алақан" атты психологиялық тренинг жүргізді. Мақсаты: отбасы ынтымақтастығын арттыру,  жағымды ахуал қалыптастыру,  жалпыадамзаттық құндылықтарды нығайту.