"What? When? Where? тақырыбында сайыс
Бүгін мектебімізде "Masterpieces of english world" атты ағылшын тілі апталығы аясында пән мұғалімдері 4 сынып оқушылары арасында "What? When? Where? тақырыбында сайыс өтті. Сайыс нәтижесінде өздерінің білімдерін көрсете білген "Clever" тобы жеңіске жетті. Мақсаты: Ағылшын тілін түсінуді үйрету. Алған білімдерін, дағдыларын нақты ситуацияда қолдана білу, ой-өрісін кеңейту, логикалық ойлауды, тілдік, зияткерлік, танымдық қабілеттерін дамыту.