
«Бала құқығы- басты құндылық» айлық іс-шарасы аясында Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №60 жалпы орта білім беретін мектебінде 2024 жылдың 21 қазан күні кәмелетке толмағандардың арасындағы және оларға қарсы жасалған құқықбұзушылықтардың, балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу, зорлық-зомбылықтың, жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстардың профилактикасы. Өзіне-өзі қол жұмсау фактілерін болдырмау мақсатында «Бала құқығы-басты құндылық» тақырыбында 03-31 қазан аралығында айлық іс-шарасы аясында педагог-психолог мамандары, өзін-өзі басқару ұйымы мүшелері, «Электрондық темекі/вейп және темекі өнімдерін пайдаланудың алдын алу», «Вейпсіз әлем» тақырыбында оқушылармен челлендж ұйымдастырды.