15
октябрь
2024
Халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың туғанына 100 жыл ерлік сағаты

Халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай жоспарға сәйкес АӘжТД пәнінің оқытушысы Байбосын Мақсат Нышанәліұлының ұйымдастыруымен 9-10 сынып оқушыларына ерлік сағаты өткізілді.
Ерлік сағатқа 55652 әскери бөлімінен аға сержант Ташкенбаев Рауан Нұрмаханұлы және кіші сержант Сарғалдақов Ерден Аралбайұлы келіп
Р.Қошқарбаевтың ерлігі жөнінде және өмірбаянын, тарихын айтып, көптеген мағұлматтар берді.
Мақсаты: Оқушыларға, соғыс, жеңіс, бейбітшілік туралы түсінік бере отырып, Ұлы Отан соғысына қатысқан батырлар жайлы және Рахымжан Қошқарбаевтың ерлігі жайында түсінік қалыптастыру, оқушыларды отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу