
№60 жалпы орта білім беретін мектебінде 14-18 қазан аралығында "Әдебиеті жоқ ұлттың - өнері де өршімейді" тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәндер бірлестігінің жоспарлы апталығы өтілуде. Апталықтың бет пердесі "Ұлттық құндылықтар - ұлт мақтанышы" тақырыбымен ашылып, биылғы жылғы мерейтой иелерінің шығармалары насихатталып, атадан балаға мұра болып келе жатқан ұлттық құндылықтарымыз насихатталды. Ұстаздар мен оқушылар сұрақтарға жауап беріп, белсене ат салысты. Ұлттық құндылықтарды сақтау, оларды болашақ ұрпаққа жеткізу әрбір азаматтың парызы!