29
апрель
2025
"Тәттілер жәрмеңкесі"

"Өнерлі ұрпақ—өмірдің жарқын болашағы" атты эстетикалық пәндер бірлестігі апталығы барысында 3-7 сынып оқушылары арасында "Тәттілер жәрмеңкесі" ұйымдастырылды. Жәрмеңке сөресінен: қолдан жасалған кондитерлік өнімдер, көкөністер орын алды.

Әр қатысушы өзінің арнайы дайындалған тәттілерін, десерттерін немесе печеньелерін ұсынды және сатып алушыларға таныстырды.
Өнімдердің бағалары белгіленіп, жәрмеңкеге келгендер сатып алды.
