29
апрель
2025
"ШЕБЕРДІҢ ҚОЛЫ—КӨПКЕ ОРТАҚ"


"ШЕБЕРДІҢ ҚОЛЫ—КӨПКЕ ОРТАҚ"
"Өнерлі ұрпақ—өмірдің жарқын болашағы" атты эстетикалық пәндер бірлестігі апталығы барысында "Шебердің қолы-көпке ортақ" тақырыбында сурет, қолөнер көрмесі ұйымдастырылды.
Мақсаты: Қазақ халқының қолөнер үлгілерімен таныстыра отырып, халық өнерін қастерлеуге, үлгі тұтуға үйрету. Оқушыларды әсемдікті тани білуге баули отырып, эстетикалық ой — өрісін дамыту, адамгершілікке тәрбиелеу.
Оқушыларға бейнелеу өнерінің қыр-сырын жан-жақты үйрету. Олардың дүниетанымын, эстетикалық талғамын кеңейту. Сурет салу дағдысын, логикалық ойлау, еске түсіру, елестету қабілеттерін және шығармашылығын арттыру. Өнерді құрмет тұту, оған сүйіспеншілігін арттыру. Өнерге баулу, шығармашылыққа тәрбиелеу.