Ақпарат » Страница 57 » «N60 жалпы орта мектеп» КММ
Шымкент қаласы білім басқармасының
"№60 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7223) 45-51-07
Есепші бөлімі:
+7(7223) 45-51-07
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Ауған, сөнген шоқ,  өшкен арман, Тек сенен Есте қалған... " кездесу
02
март
2023
"Ауған, сөнген шоқ, өшкен арман, Тек сенен Есте қалған... " кездесу
Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты №60 жалпы орта білім беретін мектебінің 9-11 сынып оқушыларымен Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 34 жыл толуына орай "Ауған, сөнген шоқ,  өшкен арман, Тек сенен Есте қалған... " тақырыбында  ауған соғысы ардагерлерімен кездесу кеші өткізілді. Бізде қонақта ауған соғысы ардагерлері  Айтпанбетов Ақберді Аликбайұлы, Мырзахметов Жомарт Тұрсынбекұлы, Альмаханов Бақтияр Қоңыратбайұлы,  Жетпісбаев Мақсат Орынбасарұлы болды.      Кездесу
"БАЛАЛЫҒЫМНЫҢ МЕКЕНІ — БАСТАУЫШ"  апталық
02
март
2023
"БАЛАЛЫҒЫМНЫҢ МЕКЕНІ — БАСТАУЫШ" апталық
№60 жалпы орта білім беретін мектебінде 13.02-17.02.2023ж аралығында "БАЛАЛЫҒЫМНЫҢ МЕКЕНІ — БАСТАУЫШ" атты бастауыш бірлестігінің апталығы өтуде.  Мақсаты: Білімнің кілті бастауыштан қаланатынын, саналы өмірдің есігі бастауыштан ашылатынын ұғындыру болатын.  Апталықта ашық сабақтар,  сыныптан тыс жұмыстар,  шығармашыл ұстаздардың тың идеяларынан туған жаңашыл әдістер күтілуде. Апталыққа сәттілік тілейміз
"Ахмет тіл білімінің атасы"  жолдастық дебат
02
март
2023
"Ахмет тіл білімінің атасы" жолдастық дебат
Қазақтың ақыны, қоғам қайраткері Ахмет  Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына орай №55 жалпы орта білім беретін мектебінің "Ұлы дала Жастары"  дебат клубының ұйымдастыруымен  "Ахмет тіл білімінің атасы"  тақырыбында өткізілген жолдастық дебат турнирінде №60 жоббм-нің "МҰРАГЕР"  командасы ІІІ орынмен және "ҮЗДІК ОРАТОР"  номинациясымен марапатталды. 
"Өрт қауіпсіздік ережелері", «Судағы қауіпсіздік» тәрбие сағаттар
02
март
2023
"Өрт қауіпсіздік ережелері", «Судағы қауіпсіздік» тәрбие сағаттар
2-10 сынып оқушыларына "Өрт қауіпсіздік ережелері", «Судағы қауіпсіздік» тақырыптарында  сынып сағаттары өтілді.    
"Армандар алаңы"  сайысы
02
март
2023
"Армандар алаңы" сайысы
Жаратылыстану пәндер бірлестігінің  "ТАБИҒАТТЫҢ ҚҰПИЯСЫ ТҰҢҒИЫҚ - КӨЗ ЖЕТПЕЙТІН МҰНАРАСЫ ТЫМ БИІК"  атты   апталығы барысында  физика пәнінің мұғалімі  М. Аманжолов "Армандар алаңы"  сайысын ұйымдастырды. Сайыс нәтижесінде 8"А" сынып  оқушысы Көлбай Бегайым жеңіске жетті.  Мақсаты:  Оқушылардың физика,  химия және биология пәндеріне қызығушылығын арттыру. 
Ашық сабақтар
02
март
2023
Ашық сабақтар
Жаратылыстану пәндер бірлестігі апталығы барысында  химия  пәнінің  мұғалімі О.Тұңғышбаев 9"А" сынып оқушыларымен  «Күкірт қышқылы және оның тұздары»  тақырыбында ашық сабақ өткізді.   Биология пәнінің мұғалімі А.Мұса 7"А" сынып білім алушыларымен "Адам қаңқасының құрылымы. Тірек-қимыл жүйесінің маңызы мен қызметі" тақырыбында ашық сабақ өткізді.      Биология  пәнінің мұғалімі А. Исабаева 7"А" сынып оқушыларымен  "Жануарлардың  қозғалыс мүшелері. Тірі ағзалардағы қозғалыстардың рөлі"
"Биология ғажайыптары" сайыс
02
март
2023
"Биология ғажайыптары" сайыс
   Жаратылыстану пәндер бірлестігінің  апталығы барысында биология пәнінің мұғалімі  Мұса Айгул Есенқызының ұйымдастыруымен 7 сыныптар арасында  "Биология ғажайыптары" тақырыбындағы сайыста "Дарындылар" тобы жеңіске жетті. Оқушылардың білімдерімен бірге  шапшаңдықтары мен ойларының ұшқырлығы сыналған сайысқа оқушылар өте белсене қатысты.
ТАБИҒАТТЫҢ ҚҰПИЯСЫ ТҰҢҒИЫҚ - КӨЗ ЖЕТПЕЙТІН МҰНАРАСЫ ТЫМ БИІК
31
январь
2023
ТАБИҒАТТЫҢ ҚҰПИЯСЫ ТҰҢҒИЫҚ - КӨЗ ЖЕТПЕЙТІН МҰНАРАСЫ ТЫМ БИІК
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №60 жалпы орта білім беретін мектебінде   жаратылыстану пәндер бірлестігінің  "ТАБИҒАТТЫҢ ҚҰПИЯСЫ ТҰҢҒИЫҚ - КӨЗ ЖЕТПЕЙТІН МҰНАРАСЫ ТЫМ БИІК"  атты   апталығының  ашылуы өтті.  Апталықтың мақсаты: химия, биология және физика  сабақтарында және сабақтан тыс іс-шараларда оқытудың заманауи тәсілдерін қолдана отырып, оқушылардың білім алуға қызығушылығын арттыру, ой-өрісі мен таным белсенділіктерін жан-жақты жетілдіру.
«Студенттік өмір — ерекше әлем» кездесу кеш
25
январь
2023
«Студенттік өмір — ерекше әлем» кездесу кеш
Бүгін мектебіміздің кәсіптік бағдар беру педагогі Ж. Орынбасарова және аға тәлімгер Ж.Қасымбекованың ұйымдастыруымен «Студенттік өмір — ерекше әлем» студенттермен кездесу кеші өтті.  Мақсаты: Жоғары кәсіптік оқу орындарының студенттерін кездесуге шақыра отырып, оқушыларға мамандық таңдау, оның адам өмірінде алатын орны, маңызы туралы түсініктерін қалыптастыру; әр мамандық иесіне тән қасиеттер мен ерекшеліктерді дамыту, 9-11 сынып оқушыларының жетістікке жету жолдары туралы білімдерін кеңейту;
"Ризашылық-мейірімділік бұлағы" пікірсайыс турнир
19
январь
2023
"Ризашылық-мейірімділік бұлағы" пікірсайыс турнир
"ҰШҚЫР ОЙ АЛАҢЫ"      Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №60 жалпы орта білім беретін мектебінде ҚР Оқу-ағарту министірлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің Алғыс айту күніне арналған "Ризашылық-мейірімділік бұлағы" жалпыұлттық мәдени-білім беру жобасы аясында Ұлттық пікірсайыс турнирі өтті. Мектепішілік іріктеу кезеңінің нәтижесінде  қазақ лигасы  бойынша   Көлбай Бегайым, Измайл Гүлжайна аудандық кезеңге жолдама алды.