ҚЫЗДАР ЖИНАЛЫСЫ
ҚЫЗДАР ЖИНАЛЫСЫ Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты №60 жалпы орта білім беретін мектебінде №9 Шымкент қалалық емханасының гинеколог маманы Есенбаева Зиягүл Тұрсынқызының қатысуымен 7-11 сыныптың қыздары арасында жиналыс өтті. Қыздар арасында орын алатын құқық бұзушылықтар мен тұрмыстық зорлық-зомбылық, суицидтік жағдайлардың алдын алу, мектеп формасы, тазалық гигиенасы бойынша кеңінен түсіндірме жұмыстарын жүргізді.