«Әке көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер» байқау
№60 жалпы орта білім беретін мектебінің көктемгі демалыс іс-шара жоспарына сай оқушылардың демалыс күндерін, бос уақытын тиімді өткізу мақсатында «Үміт сәулесі» акциясы аясында «Әке көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер» тақырыбында (мата, жүн, киіз, ағаш, жіп) қолөнер туындыларынан байқау ұйымдастырылды. Мақсаты: білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, тәрбие беру және тұлғаны әрі қарай үйлесімді дамыту, рухани-адамгершілік және мәдени құндылықтарға араластыру.