29
январь
2020
"Қыз бақыты -анадан!" атты қыз балаларға арналған психологиялық сырласу кеші
№60 жалпы орта білім беретін мектебінде 14 қараша күні мектеп психологы М. Досымбетованың ұйымдастыруымен "Қыз бақыты -анадан!" атты қыз балаларға арналған психологиялық сырласу кеш өтті. Кешке ата-аналар комитетінің мүшесі О.Таджибаева, және көп балалы аналар, 7-11 сыныптың қыздары қатысты.
Мақсаты: Қазақ халқының әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерін қыз баланың бойына сіңіре отырып, қыз балаға келешекте ана алдында қоғамның, елдің, ұлттың тыныс-тіршілігі барысындағы үлкен жауапкершіліктің тұрғандығын сезіндіре отырып, әдепті, сыпайы, адамгершілігі мол, білімді, жан-жақты жетілген қыз бала тәрбиелеу.






