26
март
2024
"Күй күмбірі" домбырашылар челленджі

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2024 жылғы 29 ақпандағы №3-05-5/1489-И хатына сәйкес, 2024 жылдың 20 наурыз күні №60 жалпы жалпы орта білім беретін мектебінде "Күй күмбірі" тақырыбында домбырашылар челленджі ұйымдастырылды.
Мақсаты: Оқушылардың эстетикалық, патриоттық сезімдерін, рухани-адамгершілік мәдениетін қалыптастыру, балалардың домбыра тарту мәдениетін насихаттау, еліміздің мәдени мұрасын сақтау.
Челлендж барысында "Балбырауын" күйі орындалып, оқушылардың бойында қазақ халқының мәдени мұрасына, рухани дамуына деген патриоттық көзқарас қалыптастырылды.