29
февраль
2024
"Салт-дәстүр және ауыз әдебиетін дәріптейік" танымдық сабақ

Бүгін мектебімізде бастауыш сынып бірлестігінің апталығы барысында бастауыш сынып мұғалімдері Қ.Смайлова, М.Қараева А.Арипбаева "Салт-дәстүр және ауыз әдебиетін дәріптейік" тақырыбында 1-ші сынып оқушыларының оқу сауаттылығы бойынша танымдық сабақ өтті.
Мақсаты: Оқушыларды ата–бабаларымыздың дүние танымын қастерлеуге, дәстүрімізді дәріптеп, салтымызды сыйлауға үйрету.
Оқушылардың сөйлеу мәдениетін жетілдіру. Ойын тиянақтай білуге, ашық пікір айтуға, сауатты жазуға, мәнерлеп оқуға дағдыландыру.
Ұқыптылыққа, саналылыққа, жинақылыққа тәрбиелеу.