21
февраль
2024
“Қуғын сүргін” мұражайына экскурсия


9"Ә" сынып жетекшісі Гулнур Сыдыкова оқушыларымен “Қуғын сүргін” мұражайына экскурсия жасап қайтты.
Оқушылар 1993 жылы «Жаппай қуғын-сүргін құрбандарын ақтау» туралы заң қабылданып соның нәтижесінде жазықсыз жала жабылғандар ақталғанын, ақтау шаралары әлі де жалғасып отырғанынан хабардар болды. «Жастар - біздің болашағымыз» өткен тарихты ұмыту мүмкін емес.
Мақсаты: Қазақ халқының тарихындағы қасіретті кезеңде солақай саясаттың құрбаны болған Алаш зиялылары туралы түсінік беру, олардың есімдерін құрметтеуге, ұмытпауға, Отанына, жеріне, еліне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.