04
декабрь
2023
"Айтыс-сөз сайысы"


"ТӨРТ ТОҚСАН - ТӨРТ ӨНЕР" жобасы

№60 жалпы орта білім беретін мектебінде "Төрт тоқсан-төрт өнер" ұлттық мәдени-ағартушылық жобасы аясында жалпы білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында "Айтыс-сөз сайысы" тақырыбында
3"А" сынып жетекшісі Алтынбекова Рабиға Бекмырзақызы мен музыка пәні мұғалімі Мәрмәр Қалқазатқызының ұйымдастыруымен жас ақындардың мектепішілік кезеңі өтті. Мақсаты:
ұлттық рух пен патриотизмді, өз халқына және оның дәстүрлеріне құрмет сезімін тәрбиелеу, ұлттық әдет-ғұрпына деген сүйіспеншілікке, айтысты қазақ халқының ұлттық құндылығы ретінде дәріптеу арқылы дарынды шығармашыл жастарды анықтау.
Айтыс қорытындысы бойынша Тұрсынбек Ибраһим мен Аманкелдіқызы Алина "Үздік айтыскер" номинациясын иеленді. Дарынды шәкірттерімізге тек сәттілік тілейміз!