31
октябрь
2023
«МЕКТЕП ПАРЛАМЕНТ САЙЛАУЫ-2023»


«МЕКТЕП ПАРЛАМЕНТ САЙЛАУЫ-2023»
Республика күні қарсаңында Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты №60 жалпы орта білім беретін мектебінде 21 қазан күні «өзін-өзі басқару» ұйымдарын дамыту тұжырымдамасы бойынша «Мектеп Парламенті» сайлауы өткізілді.
Мектебіміздің үздік оқитын, қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысатын 8-10 сынып оқушылары қатысты.
Мектеп Парламенттігіне үміткер болып тіркелген оқушылар, әр қайсысы өздерінің сайлау алды бағдарламаларын ұсынып, өз ойларын ортаға салды.
Мектепішілік сайлау нәтижесімен мектеп мұғалімдері мен оқушылары таңдаған «Өзін-өзі басқару» ұйымының жаңа Президентін және фракция мүшелерін ұлықтау рәсімі
27 қазан күні өткізіледі.