26
сентябрь
2022
"А. Байтұрсынов—қазақ халқының ұлт көсемі" сайыс
Алаш ардақтысы А.Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл мерейтойына қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен "А. Байтұрсынов—қазақ халқының ұлт көсемі" атты оқушылар арасында ақын өлеңдерін мәнерлеп оқу сайысы өткізілді. Қатысқан оқушылардың арасынан оқ бойы озық шыққан 9 «А» сынып оқушысы Алтынбекова Аяжан І орын, 9 "Б" сынып оқушысы Жаңбырбай Нұрсулу II орын, 5 "А" сынып оқушысы Бауыржанұлы Абылай ІІІ орынды иеленді.