10
декабрь
2021
Футбол, баскетбол спорт алаңдарының ашылуы

Тәуелсізлігіміздің 30 жылдық мерекесі қарсаңында, №60 жалпы орта білім беретін мектебінде денешынықтыру бірлестігі апталығының ашылуы мектеп жанында жаңадан бой көтерген футбол, баскетбол ойындарына арналған спорт алаңының пайдалануға берілгенімен тұспа-тұс келді. Мектеп қабырғасындағы балалар үшін бұл өте маңызды, елеулі оқиға болғаны анық. Дүбірлі басқосуға ардагер ұстаздар, ауыл ағалары спорт алаңының лентасын қиып, шәкірттерге ыстық лебіздерін, тілектерін білдірді.