12
август
2024
"АБАЙЛАҢЫЗ ИНТЕРНЕТ—АЛАЯҚТАР!"

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №60 жалпы орта білім беретін мектебінде 2024 жылдың 30 мамыр күні Шымкент қаласы білім басқарманың бас маманы Жанадилов Талғат Оразбекұлы “АБАЙЛАҢЫЗ ИНТЕРНЕТ—АЛАЯҚТАР!” тақырыбында Шымкент қаласы прокуратурасының тапсырмасына сәйкес, ұстаздар мен кіші қызметкерлерге профилактикалық түсіндірме жұмысын жүргізіп, Қала прокуратурасы мен Ішкі істер департаментінің арнайы бірлескен бейнеролигі көрсетілді. Көп жағдайда «телефон алаяқтары» азаматтарға несиені заңсыз ресімдеу әрекеттері туралы хабарлайды және күмәнді операцияны жою сылтауымен банк карталарының деректемелерін анықтайды немесе олар көрсеткен есеп айырысу шоттарына ақша аударуға сендіреді, бұл әрекеттер ҚР Қылмыстық кодексінің 190 – бабында көзделген қылмыс белгілеріне жататынын түсіндірді.
Сонымен қатар, sms хабарламалар арқылы келіп түсетін дербес деректер мен кодтарды, телефонға бағдарламалар орнатуды, сондай-ақ жеке сипаттағы өзге де мәліметтерді хабарлауға болмайтыны ұстаздарға және кіші қызметкерлерге түсіндірілді. Мұндай телефон қоңыраулар түскен кезде сөйлесуді дереу тоқтатып, полицияға хабарлау керек екенін ескертілді.