18
декабрь
2024
ҚЫЗДАР ЖИНАЛЫСЫ


ҚЫЗДАР ЖИНАЛЫСЫ
№60 жалпы орта білім беретін мектебінде 5-7 сынып кыздарымен "Қыз тәрбиесі—ұлт тәрбиесі" тақырыбында кезекті қыздар жиналысы өтті.
Жиналыстың мақсаты: қыз балаларды рухани -адамгершілік, әдептілік, әдемілік, сыпайылық, тазалық жеке бас гигиенасын сақтауға тәрбиелеу.

1. Форма сақтауға не кедергі?
2. Мектеп оқушысы қандай болуы қажет?
3. Кыздар арасында бөліну дұрыс па?
4. Жеке бас гигиенасы туралы не айтамыз?
5. Жалпы білім беру ұйымдарында Жаңа жыл мерекесіне арналған қауіпсіздік нұсқаулығы қандай? тақырыптары бойынша ДТЖЖО М.Досымбетова, педагог-психолог С.Рысбаева, қыздар ұйымының төрайымы Э.Мыңбатырова, медбике Ж.Маханова түсіндірме жұмыстарымен бірге тренингтік жаттығулар жүргізді. Қыздар тақырып төңірегінде өз ойларын ортаға салып талқылады, тренингке қатысып көңілді тарасты.