25
ноябрь
2024
КҮЗ ХАНЗАДАСЫ мен КҮЗ ХАНШАЙЫМЫ


КҮЗ ХАНЗАДАСЫ мен КҮЗ ХАНШАЙЫМЫ









Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №60 жалпы орта білім беретін мектебінде "Біртұтас тәрбие" бағдарламасын іске асыру мақсатында "Еңбегі адал — жас өрен" жобасы аясында "Өзін-өзі басқару" ұйымының жетекшісі Аманжолов Мақсат Махсудұлы 8-10 сыныптар арасында КҮЗ ХАНЗАДАСЫ мен КҮЗ ХАНШАЙЫМЫ” атты мектепшілік күзгі бал байқауын ұйымдастырды.
Байқау оқушылардың әртістік қабілетін дамыту, еңбек сүйгіштікке баулу, табиғатты сүюге тәрбиелеу, ауызбіршілікке бейімдеу мақсатында өткізілді.
Оқушылар бақ сынасып, өнерлерін ортаға салды. Сайыс өте тартысты өтті. Сегіз жұптан тұрған байқау нәтижесінде "КҮЗ ХАНЗАДАСЫ мен КҮЗ ХАНШАЙЫМЫ" болып 10”Ә” сынып оқушылары
Мақсұт Ахмет, Ахтай Жансая анықталды. Жеңіс құтты болсын! Қатысқан барлық оқушыларымызға, сынып жетекшілеріне және ата-аналарына алғысымыз шексіз!!!