20
ноябрь
2024
"Халықаралық энергия үнемдеу" сынып сағаты

Шымкент қаласы, білім басқармасы әдістемелік орталығының 18.10.2024ж. күнгі №873 санды хаты негізінде №60 жалпы орта білім беретін мектебінің география пәнінің мұғалімі Ш.Каракулова "Халықаралық энергия үнемдеу" күніне орай 7"Ә"сынып оқушыларына "Электр энергиясын үнемдеу" тақырыбында тәрбие сағатын өтті.
Тәрбие сағатының басты мақсаты: энергияны үнемдеу, энергия көздерін пайдаланғанда жауапкершілікпен қарау.
Оқушылар тәрбие сабағында электр энергиясын өндіру жолдарымен танысып, электр көзінің адамзат үшін маңызын түсінді және үнемшіл болуға белсенділік танытты.