21
октябрь
2024
"Дарындылар додасы" атты сайыс

18.10.2024ж. күні №60 жалпы орта білім беретін мектебі қазақ тілі мен әдебиеті пәндер бірлестігінің апталығы барысында П.Абдуллаева мен Г.Оралбекованың ұйымдастыруымен 9-сынып оқушылары арасында "Дарындылар додасы" атты сайыс өткізілді. Сайыс "Қас қағым сәтте" , "Спорт-сенімді серігім", "Менің тапқыр досым" және сахналық көрініс кезеңдерінен тұрды. Дарындылар сайысқа өте белсене қатысып, өздерінің қабілеттерін жоғары дәрежеде көрсете білді. Дарынды қатысушылар ішінен 9"А" сынып оқушыларынан құралған "Қазсақ" тобы жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығып, жүлделі 1-орынды иеленді.