21
октябрь
2024
"Әдебиеті жоқ ұлттың-өнері де өршімейді" апталық

Күні кеше Алаштың ардақтысы Сәкен Сейфуллиннің туғанына 130 жыл толуына орай, №60 жалпы орта білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігінің "Әдебиеті жоқ ұлттың-өнері де өршімейді" тақырыбында өткізіліп жатқан апталықтың жоспары бойынша "Сыршыл-Сәкен" тақырыбында іс-шара өтілді.
Мақсаты: Ақынның өмірі мен шығармашылығын оқып, білуге, жас ұрпақты еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігі үшін күрескен Сәкен Сейфуллиндей патриоттық, ұлтжанды ұрпақ болуға тәрбиелеу.
Іс-шара барысында оқушылар өлеңдерін жатқа айтып, хор орындалып, көрініс көрсетіліп, Сәкен ағасына деген арнауларымен бөлісіп жатты.
Ақынның ойы мен сезім астасқан жырларын жаттаған жас қауым да ақын өлеңдерін ешқашан естен шығармайды деп сенеміз!