15
октябрь
2024
“БАЛА ҚҰҚЫҒЫ - БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ”


“БАЛА ҚҰҚЫҒЫ - БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚ”
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №60 жалпы орта білім беретін мектебінде
Тәуелсіздік және отаншылдық айы негізінде "Заң және жасөспірім" тақырыбында аймақтық мектеп инспекторы полиция майоры Махсудова Анар Казыханкызымен 5-11 сынып оқушыларының қатысуымен кездесу өтті.
Кездесу барысында оқушылардың құқықтары мен міндеттері, нашақорлық, құқықбұзушылықтың алдын-алу, буллинг, зорлық-зомбылықтың алдын-алу тақырыптарында профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.