
“Отбасым - мақтанышым” республикалық акциясы аясында мектебіміздің педагог-психологтары 8 сынып оқушыларымен "Тимбилдинг" техникасына арналған жаттығулар орындады. Мақсаты: білім алушылардың ішкі қысымын төмендету, эмоционалдық тұрақтылығын арттыру, позитивті көңіл-күй сыйлап, стресс күйлерінің алдын алу. Топқа бөлу, "Кедергілерден өту" жаттығуы, "Сиқырлы жіп", "Шар мен стаканды жинау" жаттығулары жасалынды. Нәтижесінде оқушылардың қарым-қатынастары нығайа түсіп, позитивті көңіл - күйде болды.