

Бүгін 60 жалпы орта білім беретін мектебінде "Тілім менің- мақтанышым! " тақырыбындағы тілдер мерекесіне орай қазақ тілі мен әдебиеті пәндер бірлестігі және Өзін-өзі басқару ұйымының жетекшісі М.Аманжоловтың ұйымдастыруымен құрылған жоспар бойынша Жас қаламгер, мектебіміздің шәкірті, ақын, жазушы Қанат Алтынбектің "Көктем нәрлі болмаса... " атты жаңа кітабының тұсаукесер рәсімі өтті. Іс- шарада автордың өмірбаяны оқылып, авторға сұрақтар қойылып, ең әдемі сұрақ иесіне автордың қолтаңбасымен кітаптар сыйға берілді.Музыка пәнінің мұғалімі Мәрмәр Қалқазатқызы әуезді әнмен әуелетіп, ұстаздардың шәкіртіне деген ақ тілектері ақтарылып, шын жүрекпен ыстық ықыласқа толы алғыстармен жалғасын тапты. Мектебіміздің мәртебесін биіктетіп, өзінің түлеп ұшқан қара шаңырақ алтын ұя мектебінде кездесуге келген шәкіртімізге "Алар асуларың биік болсын, қаламың ұштала берсін, жұлдызың жарқырап жана берсін! " деп тілек білдіреміз!