08
октябрь
2024
МЕКТЕПКЕ ЖОЛ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ

МЕКТЕПКЕ ЖОЛ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №60 жалпы орта білім беретін мектебінде жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» республикалық қайырымдылық акциясы барысында кәсіпкер Айбабаев Бауыржан мырза кеңсе тауарларымен толық жабдықталған 5 балаға және мектеп психологы 5 балаға сөмке табыстады.
«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» акциясы барысында балаларға көмек қолын созған жомарт жандарға зор алғысымызды білдіре отырып, жұмыстарына береке тілейміз.