29
май
2025
"ОТБАСЫ КҮНІ" «Абай әлемі – отбасы құндылығының темірқазығы»

"ОТБАСЫ КҮНІ"
«Абай әлемі – отбасы құндылығының темірқазығы»
2025 жылғы 15 мамыр күні Шымкент әуежайының халықаралық жолаушылар терминалында «Абай әлемі – отбасы құндылығының темірқазығы» атты қалалық іс-шара өтті. Аталған іс-шара сағат 10:00-де басталды № 54,55,60,133 жалпы орта білім беретін мектептерінің катысушылары және өнерпаздары Абай Құнанбайұлының шығармаларын поэтикалық-музыкалық композициялар мен театрландырылған қойылымдар арқылы сахналап, Абайдың өлеңдері мен қара сөздерін жатқа айтып, өз өнерлерін паш етті.Сонымен қатар «Абай әлемі – отбасы құндылығының темірқазығы» тақырыбында көлөнер және сурет көрмесі орнатылды. Оқушылар тарапынан әндер, би және күйлер орындалды. Шымкент қаласының білім басқармасына қарасты № 54, 55,60,133 жалпы орта білім беретін мектеп оқушылары іс-шара барысында отбасы құндылықтары мен ұлттық рухты ұлықтау жолында белсенділік танытты. Мұндай тағылымды шаралар алдағы уақытта қоғамның рухани дамуына оң әсерін тигізетініне сенімдіміз. "15 мамыр-Отбасы күні"мерекесіне орай Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы қарсаңында отбасы құндылықтары мен ұлттық рухты ұлықтау жолында маңызды іс-шара өткізуге қолдау көрсеткені үшін Шымкент әуежайының халықаралық жолаушылар терминалының басшылығына алғысымызды білдіреміз.