29
май
2025
1 Мамыр–Бірлік күні




Мектебімізде 1 Мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай бастауыш сынып мұғалімі М.Тилепова 1"Ә" сынып оқушыларына тәрбие сағатын өтті.
Іс-шара барысында оқушылар елімізде өмір сүріп жатқан түрлі ұлт пен ұлыс өкілдерінің тату-тәтті, бейбіт өмірін паш етіп, достық пен ынтымақ туралы ой бөлісті.
Бұл тәрбие сағаты балалардың бойында Отанға деген сүйіспеншілік пен сыйластық, татулық секілді құндылықтарды арттыра түсті.