03
апрель
2025
МЕН ОҚЫҒАН БІР КІТАП

МЕН ОҚЫҒАН БІР КІТАП
Білім алушылардың көктемгі демалысын тиімді өткізу мақсатында кітапханашы Б.Бақтиярова, 5 "А" сынып жетекшісі Ш.Каракулова оқушыларымен «Мен оқыған бір кітап» атты челлендж ұйымдастырды. Бұл шараның басты мақсаты – оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, оларды көркем әдебиетті сүюге баулу.
Челлендж барысында әр оқушы өзіне ұнаған кітапты таңдап, оны мұқият оқып шықты. Кейін өз ойларымен бөлісіп, кітаптың мазмұнын, алған әсерін, кейіпкерлерге деген көзқарасын шығармашылық тұрғыда жеткізді.
«Мен оқыған бір кітап» челленджі – тек кітап оқу ғана емес, сонымен қатар жаңа әлемдерді ашуға, жаңа кейіпкерлермен танысуға, әдебиет арқылы өмірді тереңірек түсінуге жасалған қадам.