14
февраль
2025
Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы

Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы
“ЗАҢ және Тәртіп “ айлығы аясында ата-аналар мен оқушылар арасында тарих пәнінің мұғалімі Г.Ахметова, педагог-психолог М.Досымбетова ұйымдастыруымен дөңгелек үстел өткізілді.
Қаралған мәселелер:
1. Кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық, зорлық-зомбылық, буллинг, әлімжеттік . Баяндамашы 11 “А”сынып оқушысы Н. Тұрсынбек
2. Заманауи синтетикалық есірткілердің, дәріханалық нашақорлық проблемаларын және жасөспірімдердің есірткіні заңсыз айналымына қатысуының құқықтық салдарын түсіндіру . Баяндамашы тарих пінінің мұғалімі Г. Ахметова
3. Ата-ана мен бала арасындағы жауапкершілік. Психологиялық тренинг педагог-психолог М. Досымбетова
Іс-шарада тақырыпқа байланысты бейнероликтер көрсетілді. Ата-аналар мен оқушыларға берілген сауалдар мен тапсырмаларды белсенді орындады. Өз ойларын, пікірлерін ашық жеткізе білді.
Іс-шараға атсалысқан ата-аналар мен оқушыларға алғыс білдіреміз.