22
январь
2025
"Цифрлық әлемге—кемел біліммен!" апталық ашылуы

№60 жалпы орта білім беретін мектебінде "Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін —білім" ұранымен математикалық пәндер бірлестігінің "Цифрлық әлемге—кемел біліммен!" тақырыбында апталығының ашылуы өтті!
Ашылу барысында мектеп фойесінде қызықты іс-шаралар ұйымдастырылды.
Оқушылар логикалық сұрақтарға жауап беріп, ой-өрісін кеңейтті. Бұл шара олардың жылдам ойлау және шешім қабылдау қабілетін арттыруға бағытталды.
Апталықтың ашылуы өте қызықты әрі мазмұнды болды. Алдағы күндері түрлі іс-шаралар жалғасады, олар туралы ақпаратты біздің парақшамыздан оқи аласыздар. Бізбен бірге болыңыздар!