16
январь
2025
ЖАҢА-ЖЫЛ ШАТТЫҚ СЫЙЛАСЫН.

ЖАҢА-ЖЫЛ ШАТТЫҚ СЫЙЛАСЫН.
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №60 жалпы орта білім беретін мектебінде 27.12.2024ж күні мектеп директоры С.Е. Акпанбетов, директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары Е.К.Рысбаев және педагог психолог Э.Мыңбатырова жеке үйде оқитын оқушыларды жаңа-жыл мерекелерімен құттықтап балалардың көңіл-күйлерін көтеру мақсатында сыйлықтар сыйлады.
Аяз- атаны көрген балалар риза болып, тақпақтары мен өлең шумақтарын айтып мәз- мейрам болып, қуаныштарында шек болмады. Жаңа-жыл балаларымызға жақсы көңіл-күй мен шаттық әкелсін.
Балапандарға бақытты балалық шақ тілейміз!