01
февраль
2024
«ҚАЗАҚ ЕСЕБІ» ЧЕЛЛЕНДЖІ



«ҚАЗАҚ ЕСЕБІ» ЧЕЛЛЕНДЖІ
Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты №60 жалпы орта білім беретін мектебінде "Қазақ есебі" челленджі профессор ҚР ҰҒА академигі, ғалым-математик Жұмадилдаев Асқар Серқұлұлының авторлық есептерін шығаруға арналды.
Аталған білім ордасының математика пәні мұғалімдері осы есептерді оқушыларға орындатты. Байырғы ұлттың ерте замандағы тұрмыс-салты, әлеуметтік өмірі мен мәдениеті және басқа сипаттары туралы аса құнды ақпараттар алуға болатын есептермен таныстырды.
Ұлттық құндылықтарды дәріптеу, оған құрмет көрсету мақсатында өткен "Қазақ есебі" челленджі барлық мектептерге жолданады.