04
декабрь
2023
«ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ 16 КҮН БЕЛСЕНДІЛІК» АКЦИЯСЫ


«ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ 16 КҮН БЕЛСЕНДІЛІК» АКЦИЯСЫ
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №60 жалпы орта білім беретін мектебінде "Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ" ақпараттық науқанын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес 8-10 сынып білім алушыларымен "Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ" тақырыбында эстафеталық сайыс ұйымдастырылды.
Мақсаты: Зорлық-зомбылық туралы мағлұмат беру, адамның жаны мен тәніне үлкен зардап әкелетін соққы екенін түсіндіру және зорлыққа қарсы біздің елімізде заң бар екенін айту. Бұзақылық істерге бармауға, адами бойларындағы қасиеттерін сақтауға, әдепті де, тәртіпті тұлға болып өсуіне тәрбиелеу. Баланы түзу өсіретін қорқыту-үркіту емес, оның еркін өсуі жан-жақты дамуына игі әсер етеді.